скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Электрондық ақпараттық ресурстар мен жүйелер.

«Е-қызмет» персоналды басқару ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі

«Е-қызмет» персоналды басқару ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі- «Е-қызмет» жүйесі) персоналды басқарудың ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің кадрлық әлеуеті болатын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және мемлекеттік органдардың персоналын басқару қызметінің басты мәселелерін шешуге арналған, сонымен қатар персоналды басқару процесстерін дамыту мен жетілдіру жүйесі болып табылады.

Жобаның мақсаты:

1) Агенттііктің және мемлекеттік органдардың персоналын басқару қызметін автоматтандыру.

2)Халықаралық тәжірибеге сәйкес мемлекеттік органдардың персоналын басқару.

3) «Онлайн» режимінде орталық және аумақтық деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлер бойынша барлық ақпаратты алу болып табылады.

«Е-қызмет» жүйесінде жұмыс істеу персоналды басқару қызметінің жұмысының өнімділігін арттыруға, жеке деректер, ұйымдастыру бойынша мәліметтер (кадрлық есепке алу), кәсіби және жеке бас құзіреті жайлы мәліметтер, білімі, біліктілігі, кәсіби тәжірибесі, аттестаттау және бағалау нәтижелері, марапаттау және әкімшілікпен тәртіптік жаза туралы мәліметтері, мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы сот және құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша жаңартылған ақпараттарды алу кезінде уақыттық және еңбек шығынын азайтуға мүмкіндік береді.

«Е-қызмет» жүйесіне Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы арқылы 10.61.42.73/ekyzmet-ui және https://egov.kz/cms/kk/categories/state_service  мекен-жайы бойынша қолжетімді болады.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы