скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

2015 жылы «Персоналды басқару» бағыты бойынша мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау нәтижелері турал

       Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына сәйкес «Персоналды басқару» бағыты бойынша мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалауды жүргізеді.
Бағалау мемлекеттік органдардың адам ресурстарын пайдалану тиімділігі, мемлекеттік қызметшілерді оқыту, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша жұмыс тиімділігі, мемлекеттік қызметшілердің қанағаттану деңгейі критерийлері бойынша ақпаратын талдау негізінде жүргізіледі.
Бағалауға 12 орталық мемлекеттік және 16 жергілікті атқарушы орган жатады. Мемлекеттік қызмет істері министрлігі 2015 жылы «Персоналды басқару» бағыты бойынша бағалау жүргізді. 2015 жылдың қорытындысы бойынша орта балл 74,2 баллды құрады (2014 жылдың қорытындысы бойынша – 72,4). Орталық мемлекеттік органдар арасында орта балл 74,5 баллды құрады, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 0,9 баллға артық жергілікті атқарушы органдар арасында – 73,9 балл, ол да сондай-ақ 2014 жылмен салыстырғанда  2,4 баллға артық. Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, мемлекеттік қызметшілерді оқыту және адам ресурстарын пайдалану тиімділігі бойынша жұмыс тиімділігі оң өзгерістерге ие болды. Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған мемлекеттік қызметшілер саны (2014 жылдың қорытындысы бойынша) 111 адамнан 69 адамға дейін едәуір қысқарды. Табыс және мүлік бойынша декларацияларды өз еркімен жариялаған басқарушы буын мемлекеттік қызметшілерінің үлесі 14,6 % (71,9% дейін) өсті (2014 жылдың қорытындысы бойынша – 57,3%). Мемлекеттік органдар біліктілікті жоғарылатуға жататын мемлекеттік қызметшілерді іс жүзінде толығымен қамту (97 %) қамтамасыз етілді, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 2% артық. Қайта даярлаудан өткен мемлекеттік қызметшілердің үлесі 88% дейін өсті (2014 жылы – 85%). Адам ресурстарын пайдалану тиімділігі бағытында мемлекеттік органдарда кадрлар ауысуының шағын төмендеуі байқалуда. Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесімен қарастырылған негіздер бойынша 2015 жылы мемлекеттік органдар жұмысшыларының 8,9% жұмыстан шықты (2014 жылы – 9,1%), соның ішінде жергілікті атқарушы органдарда ауысу 13,8% төмендеді, ол 14,4% құраған 2014 жылдың көрсеткішінен төмен.
Бағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік органдарға қажетті ұсыныстар жолданды.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы