скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

06.09.2017 г.

МҚІСЖҚА ұсынымдары бойынша елордалық салық органдарында қызмет алушыларға барлық жағдай жасалды

Елордалық салық органдары халықтың ең көп баратын объектілердің арасында ХҚО-дан кейін екінші орында тұр (а.ж. бірінші жартыжылдықта салық органдары 800 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті).

Бұл ретте, салық органдарында тиімсіз менеджмент және мемлекеттік қызметтерді алу үшін қарапайым жағдайдың болмауы салықтөлеушілердің наразылығын тудырды, бұл халықтың мемлекеттік органдарға деген, жалпы билікке деген сеніміне ықпал етеді.

А.ж. 6 қыркүйекте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев қоғам өкілдерімен бірлесіп бұдан алдын ведомствоаралық жиналыста берген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және жемқорлық қатерлерін сыртқы талдау бойынша тапсырмалардың Астана қаласының Сарыарқа, Есіл, Алматы аудандары бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларында орындалуын тексерді.

Ведомствоаралық жиналысқа қатысушылар атап өткендей, тәртіпке келтіру бойынша қысқа мерзім ішінде жүргізілген жүйелі жұмыс сөзсіз оң әсер берді. Қазіргі уақытта салық органдарында қызметтерді ыңғайлы, әрі жайлы алу үшін барлық тұрмыстық жағдай жасалған.

Барлық барған объектілерде қызмет алушылардың кезекті ыңғайлы күтуі үшін жағдай жасалған, атап айтқанда, азаматтарға қызмет көрсету орындарында электрондық кезек енгізілген, күту залдарында ауаны баптау жүйесі жөнге келтірілген, өзіне-өзі қызмет көрсету секторларындағы интернетке қосылған барлық компьютерлік-көшіру техникасы жұмыс күйіне келтірілген, қосымша мультикассалар орнатылған.

Сонымен бірге, көрнекі ақпараттық стендтер орнатылған, өзіне-өзі қызмет көрсету, құжаттарды қабылдау және беру секторлары қайта ретке келтірілген.

Бұған қоса, Агенттіктің ұсынымдары бойынша жұмыс кестесі қайта қаралған. Егер бұдан алдын құжаттарды қабылдау 5 жұмыс күші ішінде, күн сайын түскі үзіліспен сағат 17.30-ға дейін жүзеге асырылса, ал қазір Алматы ауданының салық органдарында пилоттық режимде құжаттарды қабылдау сағаты түскі үзіліссіз 20.00-ге дейін ұзартылды. Бұл ретте, салық органы қызметтерді сенбі күндері де сағат 13.00-ге дейін ұсынады.

Алматы ауданының әкімдігі салық басқармасы ғимаратының жанында жаңа асфальт төселген қосымша автотұрақ орнатты.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі А.С. Соловьева: «Фискальдық органдардағы қызмет алушылар отандық салықтөлеушілер болып табылады және қарапайым тұрмыстық жағдай жасау – мемлекеттік аппараттың тікелей міндеті. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік кірістер органдарымен бірлесіп жүргізген жұмысы қызмет алушылардың көрсетілген қызметтердың сапасына қанағаттану деңгейін арттыруда тұрақты жұмыс істеу қажеттігін анық көрсетті», - деп атап өтті.

Тексеру қорытындысы бойынша Агенттік Төрағасының орынбасары Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығына және қоғам өкілдеріне мемлекеттік қызметтерді алу кезінде жемқорлық қатерлерін, әкімшілік кедергілерді және бюрократиялық рәсімдерді жою бойынша, сондай-ақ салық төлеушілерге қолайлы, ыңғайлы жағдай жасау бойынша атқарылған жедел жұмыс үшін алғыс білдірді.

Ол Елбасының «клиентке бағдарлану» қағидатын барлық жерде сақтау бойынша нұсқауын іске асыру туралы Агенттік Төрағасы Қ.П. Қожамжаровтың тапсырмасы бойынша еліміздің барлық өңірлерінде осындай жұмыс басталғанын және алдағы уақытта қоғамның қатысуымен мемлекеттік кірістер басқармалары республиканың барлық аумақтарында тексерілетінін тілге тиек етті .

Агенттік қызмет берушілердің жұмысын жақсарту бойынша халықтан сындарлы ұсыныстарды, оның ішінде Агенттіктің интернет-ресурсындағы  http://kyzmet.gov.kz/ru/e_services арнаулы айдары арқылы алуға дайын.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы