скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

07.09.2017 г.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде 2018-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспар талқыланды

Ағымдағы жылы 7 қыркүйекте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының (бұдан әрі  - Стратегия) орындалуын талдау және сыртқы бағалау бойынша арнайы мониторингтік топтың мәжілісі өтті.

Шарада Агенттік және мемлекеттік органдардың басшылары, арнайы мониторингтік топтың мүшелері, саяси партиялардың,үкіметтік емес ұйымдардың  өкілдері, сонымен қатар, бейнеконференцбайланыс жүйесінде Агенттіктің аумақтық департаменттері және арнайы мониторингтік топтың аймақтық мүшелері, азаматтық қоғамның өкілдері қатысты.

Республикалық арнайы мониторингтік топтың төрағасы, сонымен қатар, Қазақстан азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Нұрлан Кенжебекұлы Ерімбетов Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2018-2020 жылдарға арналған жоспардың сапалы әзірленуінің маңыздылығын атап өтті.

Оның сөзі бойынша, жоспарда қарастырылған іс-шаралардың тиімділігіне еліміздің барлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 3 жыл бойы жүзеге асуына тәуелді болады.

 Жоспардың мазмұнына толық тоқталған Агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры С. Муксимов құжат жобасын әзірлеу кезінде үш жыл ішінде жинақталған жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибелерді іске асырудағы тетіктердің ескерілгенін айтты.

Сонымен қатар, ұсынылған ақпаратқа сәйкес Жоспардың әзірлеу дайындығының уақыты  Ыстамбұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-қимыл жоспарының төртінші раунд ұсынымдарын қалыптастыруда табысты дәл келді. Бұл жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың негізінде өзекті мәселелр мен шешімдерді халықаралық сарапшылармен көтеруге мүмкіндік берді.

Жоспар жобасында ЭЫДҰ және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық баяндамасының ұсынымдарынан туындайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралар жүйесін жетілдіру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауакершілікті күшейту бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылған.

Спикер сот істерін  таратуды автоматтандыру, архитектура және сәулет құрылысы саласында кодификацияланған нормативтік құқықтық актілердң енгізу, білім ұйымдары басшыларының қоғамға, ата-аналар ұжымына есеп беру, соның ішінде мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаржы шығындары бойынша кездесулерін енгізуді,  порталдарда мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты орналастыру өзгерістерінің енгізілгенін атап өтті.

Баяндама барысында мемлекеттік қызметшілердің этикалық норманы сақтау мәселелелері де қозғалды: оларды сақтамаған жағдайлардың жиілілігі осындай фактілерді болдыртпаудың алдын алу қажеттілігіне әкелді.

Сонымен қатар,  тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың түп тамырымен жоюдың маңызды шарты - мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді толық автоматтандыру және оңтайландыру, ақпараттық базаны біріктіру және оның ашық болуы,  осыған байланысты бұл мәселелер де 2018-2020 жылдарға арналған жоспар жобасына кіргізілді.

Қатысушылардың ерекше назары еліміздің бизнес климатының жақсаруына аударылды: Жоспар жобасына сәйкес осы бағытта бірқатар шаралар қарастырылған.

Осы құжат мемлекеттік органдармен келісілген және Үкіметпен бекітілген жағдайда бақылау-қадағалау функцияларының және  мемлекеттік органдардың рұқсат беру өкілеттіктерінің айтарлықтай қысқаруы, ауыл шаруашылық саласында субсидия бөлінгені туралы автоматтандырылған деректер базасы, сонымен қатар, картаграфикалық жұмыстар үшін геоақпараттық жүйесінің енгізілуі күтіледі.

Бұдан басқа, көлік жолдары құрылыстарының ережелерін, сонымен қатар, мемлекетті сатып алу кезінде конкурстық рәміз негіздерін төмендету бойынша мәселелерді пысықтау және тағы басқаларды қайта қарау жоспарланған.

Жоспар жобасымен таныстыру аяқталған соң, Транспаренси Интернешнл халықаралық ұйымы ұлттық бөлімінің атқарушы директоры Наталья Ковалева талқыланған құжатқа өз бағасын берді.

Оның ойы ойынша, Іс-шаралар жоспары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қабылдануы қажет шаралардың көзделгенін, сонымен қатар құжатта аталған коммерциялық емес ұйымның ұсынымдары ескерілгенен атап өтті.

Сонымен бірге, Наталья Ковалеваның сөзі бойынша қоғам квазимемлекетік және жеке сектордың, әсіресе мемлекеттік сатып алуды өткізу бөлігінде ашықтықты күтетінін, сонымен қатар, 2020 жылы кіріс жіне шығысты жалпыға бірдей декларациялауға ерекше назар аударатынын жеткізді.

Кеңесте арнайы мониторингтік топтың мүшелері белсенді қатысты.

«Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталық» төрағасы Төлеген Зейнеұлы Байғұлов мемлекеттік қызметшілердің қызметтік көлікті мақсатсыз пайдалану мәселесін шешу жолдарын ұсынды. Қоғамдық бақылау барысында Қазақстанның бірқатар аймақтарындаосындай бұзушылықтар бірнеше рет қайталанған, осыған байланысты көпшілік қызметтік автоларғка ерекше белгілер қоюды ұсынды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізу және қалыптастыру қорытындылары қарастырылды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес (бұдан әрі – Заң) оларды барлық мемлекеттік мекемелер әзірлеулері және орындаулары қажет.

Бірақ, «Халықтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитет» қоғамдық қорының Президенті М.С. Дуамбековтың баяндамасы бойынша, талдау өткізілген уақытқа стандарттар тек қана 15 министрлік пен 16 әкімдікте ғана бекітілген.

Мемлекеттік органдар Заңды сақтамай сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды негізінен қоғамның қатысуынсыз әзірлеген.

Сонымен қатар, көрсетілген құжаттарды әзірлеу кезінде үстіртін дайындағандар, сонымен біргеолар мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылмаған.

Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға анықталған бұзушылықтарды жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды пысықтау ұсынылды.

Бұдан басқа, арнайы мониторингтік топтың ұсынымы бойынша Жоспар жобасын кең аудиторияда талқылау шешімі қабылданды.

Осылайша, қосымша іс-шараларды әзірлеу, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға жұртшылықты кеңінен тарту мақсатында, оспар жобасын талықлау мәселелері бойынша еліміздің барлық облыстарында ағымдағы жылдың қыркүйек айында дөңгелек үстел, диалогтық алаңдар, талқылау клубтарының отырыстары жоспарланды.

Жоспарланған жұмыстардың нәтижесі бойынша Астана қаласында аймақтардан қосымша түскен ұсыныстарды талқылау мақсатында республикалық конференция ұйымдастыралатын болады.

 

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы