скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

06.09.2017 г.

Астана қаласының коммуналдық қызметтерімен сапалы қызметтерді көрсету үшін жағдайлар жасалды

Үлкен кезек, кондиционерлердің істен шығуы, жалғыз ғана касса, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жағдайлардың жоқтығы, нысанға сәйкес қажетті құжаттардың ақпараттық стендтерінің және қызметтерді төлеу үшін терминалдардың болмауы, жұмыс істеу уақытынынң күніне 2 сағатқа шектеуі (түске дейін бір сағатқа және түстен кейін бір сағат). Бұл халыққа коммуналдық қызметтерді көрсететін мекеме пунктінде келушілердің үнемі қақтығысатын өзекті мәселелердің толық тізімі емес. Қызмет алушы жабдықталған жайлы ортада тез және сапалы қызмет алу үшін келеді де көңіл күйі бұзылған және жан дүниесі түскен кейіпте кетеді.

Ағымдағы жылдың 6 кыркүйегінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төраға орынбасары Алик Шпекбаев, Астана қаласы әкімінің орныбасары Қосман Айтмухамбетов пен қоғам белсенділерінің өкілдері табиғи монополия субъектілердің қызметтеріндегі кемшіліктерді жою бойынша тапсырмалардың орындалуын тексерді.

Бұрын 2017 жылғы 21 тамызда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласы әкімдігінің, «Атамекен» ҰКП, Мемлекеттік корпорация «Азаматтар үшін үкімет», «Астана - Теплотранзит» АҚ-ның, «Астана АЭК» ЖШС-нің, «Астана Су арнасы» МҚК-ның, «Астана - Тазарту» ЖШС-нің, ТОО «Астана ЭнергоСбытКомпаниясы» ЖШС-нің, «Орталық газбен жабдықтау», ЖШС-нің «Астана - ЕРЦ» ЖШС-нің өкілдерінің қатысуымен жиналыс өткізген.

Жиналыста Астана қаласы әкімдігіне табиғи монополия субъектілерімен бірге қызмет көрсету орталықтарында 10 күн ішінде кемшіліктерді жою бойынша тапсырма берілген болатын.

Электр, жылу, және сумен жабдықтау қызметтерін көрсететін Астана қаласының табиғи монополия субъектілерімен Агенттіктің ескертпелері мен тапсырмаларын есепке ала отырып, қызмет көрсету орындарында электронды кезектер енгізілді, күту орындары мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жағдайлар жасалды, пандустар орнатылды, кондиционерлер монтаждалып, іске қосылды, нысанға сәйкес қажетті құжаттардың ақпараттық стендтері орналастырылды, құжаттарды және азаматтарды қабылдау уақыттары 18.00-ге дейін созылды (соның ішінде сенбі күндері 13.00-ге дейін). Сондай-ақ, қызмет алушыларға ыңғайлы жағдай жасау үшін қызметтерді төлеуге арналған кассалар мен терминалдардың саны көбейді.

Қазіргі уақытта аталған орталықтардың жұмысы «бір терезе» қағидаты негізінде жұмыс жасайтын орталықтардың жұмыс стандарттарымен сәйкестендірілді.

Мемлекеттік корпорация «Азаматтар үшін үкімет» қызметтерінің негізінде табиғи монополия саласына қызмет көрсету стандарттары енгізілген позитивтік өзгерістер – тұрмыстық жемқорлықты және қызмет алушылармен тікелей қарым-қатынасты шектеуіне, әкімшілік кедергілердің төмендеуіне және бизнес-процесстердің оңтайлануына ықпал етті.

Көрсетілетін қызметтің қолжетімділігі және «клиенткебағдар» қағидатын бірігіп енгізу бойынша Елбасы нұсқамасын жүзеге асыру туралы Агенттік Төрағасы Қайрат Қожамжаровтың тапсырмасына сәйкес, басқа да мемлекеттік қызмет көрсететін объектілерді тәртіпке келтіру шаралары тұрақты негізде жүргізілетін болады.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік органдардың және мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелердің қызметін жақсарту бойынша халықтан конструктивті ұсыныстарды қабылдауға дайын екендігін білдіреді.

Агенттіктің интернет-ресурсында (http://kyzmet.gov.kz/ru/e services) азаматтардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ұсыныстар мен ескертулер қалдыруға мүмкіндігі бар  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалаңыз» атты айдары іске қосылған.

Электр, сумен жабдықтау, су тарту және жылумен жабдықтау бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің Астаналық тәжірибесі, сондай-ақ азаматтардан келіп түскен ұсыныстар, елдің барлық аймағында ұқсас жобалардың жүзеге асырылу кезінде ескерілетін болады.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы