скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Аттестаттау

Мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестаттаудан өткізу

Аттестаттауды өткізу қағидаларының 6 тармағына сәйкес Аттестаттау кезеңінде оқу демалысында, еңбекақысы сақталмайтын демалыста, ұзақ іссапарда болған немесе науқастануы салдарынан жұмыста болмаған, сондай-ақ халықаралық және өзге ұйымдарға іссапарға жіберілген қызметшілер аттестаттаудан жұмысқа шыққаннан кейін алты айдың ішінде 2017 жылдың соңына дейін өтеді.

Жоғарыда көрсетілген нормаға сәйкес ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап аттестаттау комиссияларында 54 қызметші әңгімелесуден өтті, соның ішінде екінші деңгейде 40, үшінші деңгейде – 14.

 Осы қызметшілерге қатысты келесі шешімдер қабылданды:

лауазымын жоғарылатуға ұсынылды – 3;

атқаратын лауазымына сай келеді – 50;

лауазымын төмендетуге ұсынылды – 1;

қызметтен шығаруға ұсынылғандар болған жоқ.

Осылайша, барлық кезең бойынша (а.ж. ақпаннан қыркүйекке дейін) аттестаттаудан 65778 қызметші өтті (бірінші жартыжылдықта - 65724).

Анықтама: 4773 (7,3%) адам лауазымын жоғарылатуға ұсынылды, 60140 (91,4%) атқаратын лауазымына сай келеді, 726 (1,1%) лауазымын төмендетуге, 139 (0,2%) қызметтен шығаруға ұсынылды.

Бүгінгі күні аттестаттау комиссиялардың шешімдерін орындау үлесі 38% құрайды немесе 5638 шешімнің 2140 орындалды.

Осылайша, 980 (20,5%) қызметшінің лауазымы жоғарлатылды, 391 (54%) – төмендетілді, 111 (80%) қызметтен босатылды.

Бұл ретте, 49 (7%) қызметші ұсынылған төмен тұрған лауазымнан бас тартуына байланысты атқарып отырған лауазымдардан босатылды («ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заңы 63-бабының 5 т.), 609 (13%) қызметші ұсынылған жоғары тұрған лауазымнан бас тартты.

3498 шешімнің орындалмауының себептеріне бос лауазымдардың болмауы (81,8%), қызметшілердің атқарып отырған лауазымдардан өз еркімен босатылуы (8,4%), басқа себептер жатады, соның ішінде уақытша еңбекке қабілетсіздік, оқу демалысы, жалақы сақталмайтын демалыс және т.б. (9,8%).

2017 жылдың соңына дейін аттестаттаудан 920 қызметші, соның ішінде 609 шетелдік мекемелердің қызметкерлері өтеді.

Бұл ретте, 76 адам аттестаттауды Жоғарғы аттестаттау комиссиясында өтеді.

Анықтама:ЖАК әңгімелесуді 76 қызметші өтеді, соның ішінде дипломатиялық қызмет персоналы – 70 адам; Жоғары Сот аппараты – 1 адам; әділет, ұлттық экономика, ауыл шаруашылық, қыржы министрліктері 1 адамнан; Қарағанды облысының әкімдігі – 1 адам.

Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметтерімен әңгімелесу өткізу үшін ЖАК-тың жұмыс органына толтырылған бағалау парақтарын, жеке құзыреттерді бағалау бойынша тестілеу қорытындыларын және қызметтік тізімдерді ұсыну бойынша жұмыс жүргізілуде.

Дипломатиялық қызмет персоналын аттестаттау мәселесі бойынша.

Дипломатиялық қызмет персоналының аттестаттауын қашықтақтан өткізу үшін СІМ тиісті ұйымдастыру жұмыстырын жүргізуде.

Осылайша, тестілеу бағдарламасының «Е-қызмет» ЫАЖ-нен СІМ-нің серверлік платформасына көшіру үшін ағымдағы жылғы 16 тамызы мен 13 қыркүйек аралығында мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілді.

Қазіргі уақытта жабдықтаушымен келісім-шарт жасау рәсімдері жүргізілуде, оларды ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде аяқтау жоспарлануда.

2017 жылдың 7 тамызында СІМ Жауапты хатшысымен бекітілген дипломатиялық қызмет персоналын аттестаттауын өткізу алгоритміне сәйкес тестілеу кезеңі а.ж. 16 қазан – 3 қараша, әңгімелесу 23 қазан – 17 қараша аралығанда өткізілетін болады.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы